Дүниежүзілік бронх демікпесін алдын алу

«Сенім» ЖШС бйынша 2017 жылдың 2-11 мамыр айының аралығында емхана аймағында Дүниежүзілік бронх демікпесін алдын алу онкүндік өткізілген туралы МӘЛІМЕТ

Облыс бойынша 2017 жылдың 2-11 мамыр аралығында Дүниежүзілік Бронх демікпесін алдын алу онкүндік жарияланып, «Сенім» ЖШС мекемесі бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді.

«Сенім» ЖШС мекемесі бойынша ОДСБ-ның іс-шара жоспарына сәйкес емханада Дүниежүзілік күніне орай бронх демікпесін алдын алу науқанында жоспары құрылып, директормен бекітіліп бір қатар жұмыстар жүргізілді.

2017 жылдың 3 мамыр күні «Сенім» ЖШС мекеме бойынша Дүниежүзілік Бронх демікпесі күніне орай «Ашық есік» күндері жарияланды.

2017 жылдың 4 мамыр күні «Сенім» ЖШС медицина қазметкерлері арасында Бронх демікпесін алдын алу мақсатында Г.Ж. Калмагамбетова терапевт дәрігері семинар сабақ өткізді.

2017 жылдың 5 мамыр күні «Сенім» ЖШС мекемесі жанында халық көп шоғырланатын жерлерде (Аль-Асад, Ақүйік сауда орталығында) Бронх демікпесінің алдын алу тақырыбында семинарлар жүргізілді, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды, сауалнама жүргізілді.

«Сенім» ЖШС мекемесінде Бронх демікпесінің ауруымен «Д» есепте турған науқастармен аптасына сәрсенбі күні «Бронх демікпе» мектебінде Г.Ж. Калмаганбетова сабақ жүргізеді.(12 науқас сабаққа қатысты)

2017 жылдың 2-11 мамыр аралығында «Сенім» ЖШС мекемесіне қарасты халық көп шоғырланатын жерлерде жаднамалар таратылып, хабарламалар ілінді.