Алғашқы медициналық – санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту

Құрметті Қызылорда  қаласының тұрғындары , «Сенім» ЖШС емханасы  Сіздерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Алғашқы медициналық – санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы » № 281 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың  15 қыркүйегінен бастап, азаматтарды БМСК ұйымдарына тіркеу кампаниясы басталғандығын хабарлайды.

Тұрғындарды емханаға, дәрігерлік амбулаторияға бекіту тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу орны бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, жүзеге асырылады. Азаматтар тек бір ғана МСАК ұйымына тіркеле алады. Емханаға тіркелу үшін Сіздің жеке куәлігіңіз болуы қажет және тіркелу орнын өзгертетін жағдайда өз еркімен бекітілу жөнінде өтініш жазуы қажет.

Сонымен қатар, емханаға www.egov.kz сайтында элекрондық үкіметтің көмегімен тіркеле аласыз. Егер Сіз бұрын басқа медициналық ұйымға тіркелген болсаңыз, онда ұйымнан есептен шығу үрдісі электрондық форматта жүргізіледі.