Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай "Колледж Мақтанышы" төсбелгісі
"Сенім" ЖШС мекемесінің бас мейрбикесі, Сыр медицинасының үздігі белгісімен марапатталған Овчинникова Татьяна Райнгольдовна 1961 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы 8 сынып бітіріп, осы жылы Қызылорда қаласындағы медицина училищесіне оқуға түсіп, оны 1979 жылы бітірген.
Еңбек жолын сол жылы қалалық ауруханада реанимациялық бөлімінің мейрбикесі болып бастап, 1988 жылға дейін, ал 1989 жылы №9 орта мектептің мейрбикесі, 1989-2001 жылдар аралығында "Сенім" мекемесіндегі балалар бөлімінің мейрбикесі болып жұмыс атқарған. 2001 жылдан бастап осы мекемеде бас мейрбике қызметін атқарып келеді. 2009, 2014 жылдары ОДСБ және ОДС қызметкерлері кәсіподақ ұйымының, 2012 жылы "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы Қызылорда қалалық филиалының, 2015 жылы еліміздің медицина саласын дамытуға қосқан жеке үлесі және көп жылдық адал еңбегі үшін Ұлттық Денсаулық Сақтау Палатасының және Қазақстан Республикасы "Атамекен" ҰКП-ның Құрмет грамоталарымен, 2016 жылы Қызылорда облыстық медицина қызметкерлері қоғамдық ұйымының "Сыр медицинасының үздігі" төс белгісімен марапатталды.